HP ePrint қызметін пайдалану
HP ePrint қызметін құжаттарды кез келген электрондық пошта қызметін қолдайтын құрылғыдан
электрондық хабардың тіркемесі ретінде өнімнің электрондық пошта мекенжайына жіберу
арқылы басып шығару үшін пайдаланыңыз.
ЕСКЕРІМ:
HP ePrint функциясын пайдалану үшін, өнімнің желіге қосылған болуы жəне
Интернетке кіру мүмкіндігі болуы керек.
1.
HP ePrint қызметін пайдалану мүмкін болуы үшін, HP веб қызметтерін іске қосу керек.
а.
HP енгізілген веб-серверін ашу үшін, IP мекенжайын веб-шолғыштың мекенжай
жолағына теріңіз.
ə.
Веб-қызметтер қойындысын басыңыз.
б.
Веб-қызметтерді қосу үшін, опцияны таңдаңыз.
2.
Қауіпсіздік параметрлерін анықтау жəне осы өнімге жіберілген барлық HP ePrint
тапсырмаларының əдепкі басып шығару параметрлерін реттеу үшін, HP ePrintCenter веб-
торабын пайдаланыңыз.
а.
www.hpeprintcenter.com
торабына өтіңіз.
ə.
Жүйеге кіру түймешігін басып, HP ePrintCenter есептік жазба мəліметтерін енгізіңіз
немесе жаңа есептік жазба жасаңыз.
б.
Тізімнен өніміңізді таңдаңыз немесе + Принтерді қосу түймешігін басып оны қосыңыз.
Өнімді қосу үшін, оның коды қажет болады. Код — өнімнің электрондық пошта
мекенжайындағы @ белгісіне дейінгі бөлігін құрайды.
ЕСКЕРІМ:
Бұл код HP веб қызметтерін қосқаннан кейін тек 24 сағаттың ішінде
жарамды болады. Оның жарамдылық мерзімі аяқталғанда, HP веб қызметтерін
қайтадан қосу үшін, нұсқауларды орындаңыз.
в.
Принтерден керексіз құжаттар басылып шықпауы үшін, ePrint Settings түймешігін
басып, Рұқсат етілген жіберушілер қосымша бетін ашыңыз. Тек рұқсат етілген
жіберушілер түймешігін басып, ePrint басып шығару тапсырмаларын жіберуге
болатын электронды пошта мекенжайларын қосыңыз.
г.
Осы өнімге жіберілген барлық HP ePrint тапсырмалары үшін əдепкі параметрлерді
орнату үшін, ePrint Settings түймешігін басып, Басып шығару опциялары қосымша
бетін ашып, пайдаланылатын параметрлерді таңдаңыз.
3.
Құжатты басып шығару үшін, оны өнімнің электрондық пошта мекенжайына жіберілетін
электрондық хабарға тіркеңіз.
122 Бап 8 Баспа тапсырмалары
KKWW
Windows жүйесіндегі қосымша басып шығару
тапсырмалары
Windows амалдық жүйесінде алдын ала басылып шыққан бланкіге
немесе пішінге басып шығару
1.
Бағдарламадағы Файл мəзірінен Басып
шығару пəрменін таңдаңыз.
2.
Өнімді таңдап, Сипаттар немесе
Ерекшеліктер түймешігін басыңыз.
3.
Қағаз/сапа қойындысын басыңыз.
KKWW