Windows жүйесінде тапсырманы сақтау мүмкіндіктерін пайдалану
Баспа тапсырмалары үшін төмендегідей тапсырмаларды сақтау мүмкіндіктері бар:
●
Растау жəне ұстау: Бұл мүмкіндік тапсырманы басып шығарып, тапсырманың тағы бір
көшірмесін растаудың жəне тағы көшірмелер басып шығарудың жылдам жолын ұсынады.
●
Жеке жұмыс: Өнімге тапсырма жібергенде, оны өнімнің басқару тақтасында
сұрамайынша, тапсырма басып шығарылмайды. Егер тапсырмаға жеке
идентификациялық нөмір (PIN) тағайындасаңыз, басқару тақтасында қажетті PIN кодын
енгізуіңіз керек.
●
Жылдам көшірме: Егер өнімге қосымша қатты диск орнатылса, тапсырма көшірмелерінің
сұралған санын басып шығарып, тапсырма көшірмесін қосымша қатты дискіге
сақтауыңызға болады. Тапсырманы сақтау кейінірек тапсырманың қосымша көшірмелерін
басып шығаруға мүмкіндік береді.
●
Сақталған жұмыс: Егер өнімге қосымша қатты диск орнатылса, қызметкерлер формасы,
уақыт кестесі немесе күнтізбе сияқты тапсырманы өнімге сақтап, басқа
136 Бап 8 Баспа тапсырмалары
KKWW
пайдаланушылардың тапсырманы кез келген уақытта басып шығаруына мүмкіндік
беруіңізге болады. Сонымен қатар, сақтаулы тапсырмалар PIN кодымен қорғалуы мүмкін.
ЕСКЕРТУ:
Өнім өшірілгенде Жылдам көшірме, Растау жəне ұстау жəне Жеке жұмыс
түріндегі барлық сақтаулы тапсырмалар жойылады. Тапсырманы тұрақты сақтап қою жəне
басқа əрекеттер үшін бос орын керек болғанда жойылуын болдырмау үшін, драйверден
Сақталған жұмыс опциясын таңдаңыз.