Сақталған тапсырма үшін атау орнату
Сақталған тапсырмадағы əдепкі атты өзгерту үшін, келесі қадамдарды орындаңыз.
1.
Бағдарламадағы Файл мəзірінен Басып шығару пəрменін таңдаңыз.
2.
Өнімді таңдап, Сипаттар немесе Ерекшеліктер түймешігін басыңыз.
3.
Жұмысты сақтау қойындысын басыңыз.
4.
Қалаған тапсырманы сақтау режимін таңдаңыз.
5.
Сақталған құжатпен байланыстырылатын тапсырма атауын автоматты түрде жасау үшін,
Тапсырма атауы аймағында Aвтоматты опциясын таңдаңыз. Қол жетімді болса, драйвер
құжат файлының атауын пайдаланады. Құжаттың файл атауы болмаса, драйвер тапсырма
атауы үшін бағдарламалық құралдың атауын немесе уақыт штампын пайдаланады.
Тапсырманың атауын көрсету үшін, Арнайы опциясын таңдап, атауды теріңіз.
6.
Тапсырма атауы бар болса ашылмалы тізімінен опцияны таңдаңыз.
●
Бұрыннан бар атаудың соңына сан қосу үшін Тапсырма атауын + (1 - 99) пайдалану
опциясын таңдаңыз.
●
Бұрыннан осылай аталатын тапсырманы ауыстыру үшін Бар файлды ауыстыру
опциясын таңдаңыз.