HP LaserJet Enterprise 600 Printer M602 series - HP ішкі веб-серверін қауіпсіздендіру

background image

HP ішкі веб-серверін қауіпсіздендіру

Рұқсаты жоқ пайдаланушылар өнім параметрлерін өзгерте алмауы үшін, өнімге жəне HP ішкі
веб-серверіне өтуге арналған əкімші құпия сөзін тағайындаңыз.

1.

Веб-шолғыштың мекенжай жолағына өнімнің IP мекенжайын енгізу арқылы HP ішкі веб-
серверін ашыңыз.

2.

Қауіпсіздік қойындысын басыңыз.

3.

Жалпы қауіпсіздік мəзірін ашыңыз.

4.

Құпия сөзбен байланысты атауды Пайдаланушы аты өрісіне теріңіз.

5.

Құпия сөзді Жаңа құпия сөз терезеге теріңіз, одан кейін Құпия сөзді тексеру терезесінде
қайтадан теріңіз.

ЕСКЕРІМ:

Бұрыннан бар құпия сөзді өзгерту үшін, оны алдымен Ескі құпия сөз өрісіне

теру керек.

6.

Қолдану түймешігін басыңыз. Кілтсөзді жазып алып, оны қауіпсіз жерге сақтап қойыңыз.