HP енгізілген веб-серверін пайдалану
Өнімнің күйін көру, өнімнің желі параметрлерін реттеу жəне басып шығару функцияларын
өнімнің басқару тақтасынан емес, компьютерден басқару үшін HP ішкі веб-серверін
пайдаланыңыз. HP енгізілген веб-серверімен орындалатын əрекеттердің мысалдары:
●
Өнім күйі жөніндегі ақпаратты көру.
●
Барлық жабдықтардың қалған қызмет ету мерзімдерін анықтап, жаңаларына тапсырыс
беріңіз.
●
Науа конфигурацияларын қараңыз жəне өзгертіңіз.
●
Өнімнің басқару тақтасының мəзір конфигурациясын қараңыз жəне өзгертіңіз.
●
Ішкі беттерді көріңіз жəне басып шығарыңыз.
●
Өнім мен жабдықтарға байланысты оқиғалар жөнінде ескертпе алыңыз.
●
Желі конфигурациясын қараңыз жəне өзгертіңіз.
HP енгізілген веб-серверін пайдалану үшін Microsoft Internet Explorer 5.01 бағдарламасы
немесе жаңа нұсқасы, Windows, Mac OS жəне Linux (тек Netscape) жүйелеріне арналған
Netscape 6.2 бағдарламасы немесе одан жаңа нұсқасы қажет. HP-UX 10 жəне HP-UX 11 үшін
Netscape Navigator 4.7 қажет. HP енгізілген веб-сервері өнім IP негізделген желіге қосылғанда
жұмыс істейді. HP енгізілген веб-сервері IPX негізделген өнім байланыстарын қолдамайды.
HP енгізілген веб-серверін ашу жəне пайдалану үшін Интернеттің болуы шарт емес.
Өнім желіге қосылғанда, HP енгізілген веб-сервері автоматты түрде қолжетімді болады.