HP LaserJet Enterprise 600 Printer M602 series - USB құрылғысы енгізілгенде USB ішінен шығару мәзірі ашылмайды

background image

USB құрылғысы енгізілгенде USB ішінен шығару мəзірі ашылмайды

1.

Осы құрылғы қолдамайтын USB құрылғысы немесе файл жүйесі қолданылған болуы
мүмкін. Файлдарды FAT (File Allocation Table) файл жүйелерін пайдаланатын стандартты
USB сақтау керек-жарағында сақтаңыз. Өнім FAT12, FAT16 жəне FAT32 USB сақтау керек-
жарақтарын қолдайды.

2.

Басқа мəзір бұрыннан ашық болса, оны жауып, USB құрылғысын шығарып, қайта салыңыз.

3.

USB құрылғысында бірнеше бөлімдер болуы мүмкін. (USB құрылғысының кейбір
өндірушілері бағдарламалық құралды ықшам дискісі сияқты бөліктерді жасайтын қосалқы
құралда орнатады.) Бөліктерді өшіру үшін USB құрылғысын қайта пішімдеңіз немесе USB
құрылғысының басқа түрін қолданыңыз.

4.

USB құрылғысы өнім беретіннен көбірек қуатты талап етуі мүмкін.

а.

USB сақтау керек-жарағын шығарып алыңыз.

ə.

Өнімді өшіріп, қайта қосыңыз.

б.

Өз электр қуаты бар немесе аз қуатты қажет ететін USB сақтау керек-жарағын
пайдаланыңыз.

5.

USB құрылғысы дұрыс істемей тұрған болуы мүмкін.

а.

USB сақтау керек-жарағын шығарып алыңыз.

ə.

Өнімді өшіріп, қайта қосыңыз.

б.

Басқа USB сақтау керек-жарағынан басып шығарып көріңіз.