HP LaserJet Enterprise 600 Printer M602 series - Баспа картридждерін тексеру

background image

Баспа картридждерін тексеру

Төмендегі ақаулықтардың бірі туындаса, баспа картриджін тексеріп, қажет болса ауыстырыңыз:

Басып шығару тым ақшыл немесе кей жерлерде күңгірттеу көрінеді.

Басып шығарылған беттерде кішкентай басылмаған аумақтар бар.

Басып шығарған беттерде жолақтар бар.

ЕСКЕРІМ:

Жобалық баспа немесе үнемдеу баспа параметрін қолданғанда, басылып шығатын

қағаздар ашық болып көрінуі мүмкін.

Баспа картриджін ауыстыру қажет екені анықталса, шынайы HP баспа картриджінің бөлшектік
нөмірін табу үшін жабдықтар күйі бетін басып шығарыңыз.

196 Бап 10 Мəселелерді шешу

KKWW

background image

Баспа картриджінің түрі

Мəселені шешу қадамдары

Қайта толтырылған немесе өңделген
баспа картриджі

Hewlett-Packard компаниясы жаңа немесе қайта өңделгеніне қарамастан
HP шығармаған жабдықтарды пайдаланбауды ұсынады. Олар
HP компаниясының өнімдері болмағандықтан, HP компаниясы олардың
əзірленуіне ықпал ете алмайды жəне сапасын бақылай алмайды. Егер қайта
толтырылған немесе қайта өңделген баспа картриджін пайдаланып, баспа
сапасына қанағаттанбасаңыз, түпнұсқа HP картриджімен алмастырыңыз.

Шынайы HP баспа картриджі

1.

Баспа картриджінің жарамдылық мерзімі аяқталғанда өнімнің басқару
панелінде немесе жабдық күйі бетінде Very Low («Өте төмен») күйі
көрсетіледі. Егер басып шығару сапасы біржола нашарласа, баспа
картриджін ауыстырыңыз.

2.

Баспа картриджінде ақаулық бар екенін көзбен қарап шығыңыз.
Төмендегі нұсқауларды қараңыз. Қажет болса баспа картриджін
ауыстырыңыз.

3.

Егер басып шығарған беттерде бірдей қашықтықта бірнеше рет
қайталанатын дақтар болса, тазалағыш бетті басып шығарыңыз. Егер
мəселе мұнымен шешілмесе, мəселенің себебін анықтау үшін осы
құжаттағы қайталанатын ақаулықтар ақпаратын пайдаланыңыз.

KKWW

Баспа сапасын жақсарту 197