HP қағаз ерекшеліктеріне сай келетін қағазды пайдалану
Төмендегі ақаулықтар туындаса, басқа қағазды пайдаланыңыз:
●
Басып шығару тым ақшыл немесе кей жерлерде күңгірттеу көрінеді.
●
Басып шығарылған беттерде тонер дақтары бар.
●
Тонер басып шығарылған беттерде жайылған.
●
Басып шығарылған таңбалар пішінсіз көрінеді.
●
Басып шығарылған беттер мыжылған.
Əрдайым осы өнім қолдайтын қағаз түрін жəне салмағын пайдаланыңыз. Қосымша ретінде,
қағазды таңдаған кезде осы нұсқауларды пайдаланыңыз:
●
Жақсы нəтижелерге қол жеткізу үшін қағаз сапасының жақсы екендігін жəне кесілмегенін,
кертік салынбағанын, жыртылмағанын, өте жұқа, шаң еместігін, мыжылмағанын, жарамсыз
еместігін, қапсырмалардың жоқтығын жəне шеттерінің мыжылып немесе бүктеліп
қалмағанын тексеріңіз.
●
Бұрын басып шығарылмаған қағазды пайдаланыңыз.
●
Лазерлі принтерлерге арналған қағаздарды пайдаланыңыз. Тек сиялы принтерлерде
пайдалануға арналған қағазды пайдаланбаңыз.
●
Тым қатты қағазды пайдаланбаңыз. Жалпы жұмсақ қағазды пайдалану ең жақсы басып
шығару нəтижелерін береді.
KKWW
Баспа сапасын жақсарту 195