Басқару панеліндегі хабарлардың түрі
Басқару панеліндегі хабарлардың төрт түрі өнімнің қалпын немесе мəселелерін көрсете алады.
Хабар түрі
Сипаттама
Қалпы туралы
хабары
Күйі туралы хабарлар өнімнің қазіргі қалпын көрсетеді. Олар өнімнің қалыпты жұмыс істегенін
көрсетеді жəне əсер етуді қажет етпейді. Өнімнің қалпы өзгерген кезде, олар да өзгереді.
Желіге қосылып тұрса, өнім жұмысқа дайын, тапсырмалары аяқталған болып, ешқандай
ескерту хабарлары болмаған кезде, Дайын күй хабары көрсетіледі.
Ескерту хабарлары
Ескерту хабарлары деректер немесе баспа қателері туралы хабарлайды. Осы хабарлар
Дайын немесе күй хабарларымен кезектеседі жəне
OK
түймесі басылғанша, сақталады.
Кейбір ескерту хабарлары өшіріледі. Егер Дисплей параметрлері мəзіріндегі Өшірілетін
ескертулер мəзірі Тапсырма опциясына орнатылса, келесі баспа тапсырмалары
хабарларды жояды.
Қате туралы
хабарлар
Қате хабарлар іс-əрекет, мысалы қағазды салу немесе кептелген қағазды алып тастау, қажет
екендігін хабарлайды.
Кейбір қате туралы хабарлар өздігінен жалғастырылады. Егер Дисплей параметрлері
мəзіріндегі Жалғаспалы оқиғалар мəзірі Авто жалғастыру опциясына орнатылса, өздігінен
жалғастырылатын хабар 10 секунд бойы көрсетілгеннен кейін, өнім қалыпты жұмысын
жалғастырады.
ЕСКЕРІМ:
Өздігінен жалғастырылатын қате туралы хабардың 10 секундке шыққан кезінде
кез келген бір түймені бассаңыз, сол хабар өшіріліп, түйменің функциясы орындалады.
Мысалы, Тоқтату
түймесін басса, баспа жұмысы тоқтатылып, баспа тапсырмасын жою
опциясы ұсынылады.
Аса маңызды қате
туралы хабарлар
Аса маңызды қателік хабарлар өнімнің істен шығуын хабарлайды. Осындай хабарлардың
кейбіреуін өнімді өшіріп, қайта қосу арқылы өшіруге болады. Бұл хабарларға Авто
жалғастыру параметрі əсер етпейді. Егер аса маңызды қателік хабар өшірілмесе, онда
өнімге техникалық қызмет көрсету қажет.