HP LaserJet Enterprise 600 Printer M602 series - Термобекіткіш аймағындағы кептелген қағазды алып тастау

background image

Термобекіткіш аймағындағы кептелген қағазды алып тастау

Бұл процедураны тек келесі жағдайларда қолданыңыз:

Қағаз термобекіткіштің ішінде кептеліп қалған жəне оны не жоғарғы қақпақ жағынан не
артқы жағынан шығарып алу мүмкін емес.

Кептеліп қалған қағаз тартып шығару кезінде жыртылып кеткен.

1.

Өнімді өшіріңіз.

2.

Өнімді бұрып, артқы жағын өзіңізге

қаратыңыз. Егер қосымша дуплекстеуші

орнатылған болса, оны көтеріп, тура

тартып шығарыңыз. Жаныңызға қойыңыз.

3.

Электр шнурын ажыратыңыз.

АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!

Термобекіткіш өте

ыстық. Күйіп қалмас үшін, қағазды өнімнен

шығармас бұрын сақтандырғыш

салқындағанша күтіңіз.

KKWW

Кептелген қағазды шығару 183

background image

4.

Артқы шығыс қалтасын ашыңыз.

5.

Артқы шығыс қалтасын шешіңіз.

Саусағыңызды сол жағындағы ілмегіне

қойып, ілмектегі тіл өнімнің ішіндегі

тесіктен шыққанынша қатты басыңыз.

Шығыс қалтасын сыртқа қарай

айналдырып, шығарыңыз.

6.

Егер ішінде қағаз болса, оны шығарыңыз.

Егер қағаз көрінбей тұрса, термобекіткіштің

екі жағындағы көк тетіктерді жоғары қарай

басып, термобекіткішті тура тартып

шығарыңыз.

7.

Кептелген қағазды шығарыңыз. Қажет

болса, кептелген қағазға жету үшін

термобекіткіштің жоғарғы жағында

орналасқан қара пластмасса

бағыттауышты көтеріңіз.

ЕСКЕРТУ:

Термобекіткіш аймағынан

кептелген қағазды шығару үшін өткір

немесе темір затты қолданбаңыз.

Термобекіткішке зақым келтіруіңіз мүмкін.

184 Бап 10 Мəселелерді шешу

KKWW

background image

8.

Екі жағындағы көк тетіктер орнына сырт

етіп түскенінше термобекіткішті өнімнің

ішіне қатты итеріңіз.

9.

Артқы шығыс қалтасын шешіңіз. Оң

жағындағы ілмек тілін өнімнің ішіндегі

тесікке кіргізіңіз. Сол жақтағы ілмектің тілін

басып тұрып, өнімнің ішіндегі тесігіне қарай

итеріп кіргізіңіз. Артқы шығыс қалтасын

шешіңіз.

10.

Электр сымын өнімге қосыңыз.

11.

Қосымша дуплекстеуші алынған болса,

ауыстырыңыз.

KKWW

Кептелген қағазды шығару 185

background image

12.

Өнімді қосыңыз.

13.

Қағаз кептелуі туралы хабар өшірілмесе,

өнімде əлі де кептелген парақ болуы

мүмкін. Кептелген қағазды басқа жерден

іздеп көріңіз.