Өнім бірнеше қағаз парақтарын тартып алады
Егер өнім бірнеше қағаз парақтарын науадан тартып алса, осы шешімдерді орындаңыъз.
1.
Науадан қағаздар жинағын жойыңыз жəне оны бүгіп, 180 градусқа бұрып, аударыңыз.
Қағазды желпімеу керек. Науадағы қағаздар жинағын қайтып салыңыз.
2.
Осы өнім үшін HP қағаз ерекшеліктеріне сай келетін қағазды ғана пайдаланыңыз.
3.
Мыжылмаған, бүгілмеген немесе бүлінбеген қағазды пайдаланыңыз. Егер қажет болса,
басқа бумадағы қағазды пайдаланыңыз.
4.
Науаның толтырылғанын тексеріңіз. Егер солай болса, науадан қағаз жинағын толығымен
алып тастап, жинақты түзетіп, науаға қағаздың кейбірін қайта салыңыз.
5.
Науадағы қағаз бағыттағыштары қағаздың өлшеміне қарай дұрыс реттелгенін тексеріңіз.
Бағыттағыштарды қағаз орнында тығыз, бірақ майыспай тұратындай реттеңіз.