Қағаз бен баспа құралдарын пайдалану туралы
Бұл өнім түрлі қағаз жəне басқа да баспа құралын осы пайдаланушы нұсқаулығындағы
нұсқауларға сай қолдайды. Осы нұсқауларға сай келмейтін қағаз немесе баспа құралы өнімдегі
нашар баспа сапасын, кептелістердің көптігін жəне оның уақытынан бұрын істен шығуын
тудырады.
Ең жоғары нəтиже алу үшін, тек қана НР сауда белгісімен шыққан қағазды жəне лазерлі
принтерлерге арналған немесе əмбебап баспа құралдарды пайдаланыңыз. Ағынша
принтерлері үшін жасалған қағазды немесе баспа құралдарын пайдаланбаңыз. Hewlett-Packard
компаниясы басқа сауда белгілерімен шыққан баспа құралдарын пайдалану жөнінде ұсыныс
жасай алмайды, себебі НР олардың сапасын бақылай алмайды.
Ылғалдылық немесе басқа жағдай зиян келтірмеуі үшін қағазды түпнұсқалы қаптамада
сақтаңыз. Қағазды қолдануға дайын болғанға дейін қаптамасын ашпаңыз.
Кейбір жағдайларда тіпті осы пайдаланушы нұсқаулығында баяндалған талаптарға сай келетін
қағазға басып шығарған кезде де, басып шығару сапасының қанағаттанарлықсыз болуы
байқалады. Мұндай қиындық арқауды дұрыс қолданбаудың, қолайсыз температура мен
ылғалдылық жағдайында пайдаланудың, сондай-ақ Hewlett-Packard компаниясының бақылауы
мүмкін емес басқа да мəн-жайлардың салдарынан орын алуы мүмкін.
ЕСКЕРТУ:
HP компаниясы белгілеген талаптарға сай келмейтін арқауды пайдалану басып
шығарғыштың зақымдалуына жəне оны жөндеу қажет болуына əкеліп соғуы мүмкін. Мұндай
жөндеуге Hewlett-Packard компаниясының кепілдігі немесе техникалық қызмет көрсету туралы
келісімі таралмайды.