Түпкі пайдаланушының лицензиялық келісімі
БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛ ӨНІМІН ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА МҰҚИЯТ ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ. Түпкі
пайдаланушының лицензиялық келісімі («Келісім») — (а) сіз (жеке тұлға немесе сіз өкілдік
ететін заңды тұлға) мен (б) Hewlett-Packard компаниясы («HP») арасында бағдарламалық құрал
өнімін («Бағдарламалық құрал») пайдалану ережелеріне қатысты жасалған келісім-шарт. Сіз
бен HP немесе оның жабдықтаушылары арасында осы Бағдарламалық құралға қатысты басқа
лицензиялық келісім (желілік құжаттамадағы лицензиялық келісімді қосқанда) болса, осы
Келісім қолданылмайды. «Бағдарламалық құрал» термині мынадай мағыналарды қамтуы
мүмкін: (а) ілеспе құрал, (б) пайдаланушы нұсқаулығы жəне басқа басылған материалдар жəне
(в) «желідегі» немесе электрондық құжаттар (жалпы айтқанда, «Пайдаланушы құжаттамасы»).
БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛҒА ҚАТЫСТЫ ҚҰҚЫҚТАР ОСЫ КЕЛІСІМНІҢ БАРЛЫҚ
ШАРТТАРЫМЕН ЖƏНЕ ЖАҒДАЙЛАРЫМЕН КЕЛІСКЕН ЖАҒДАЙДА ҒАНА БЕРІЛЕДІ.
БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛДЫ ОРНАТУ, ЖҮКТЕП АЛУ НЕМЕСЕ БАСҚАША ПАЙДАЛАНУ
ƏРЕКЕТТЕРІ ОСЫ КЕЛІСІМ ШАРТТАРЫНА БАҒЫНАТЫНЫҢЫЗДЫ БІЛДІРЕДІ. БҰЛ КЕЛІСІМДІ
ҚАБЫЛДАМАСАҢЫЗ, БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛДЫ ОРНАТПАҢЫЗ, ЖҮКТЕП АЛМАҢЫЗ
НЕМЕСЕ БАСҚАША ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ. БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛДЫ САТЫП АЛЫП, БҰЛ
КЕЛІСІМ ШАРТТАРЫМЕН КЕЛІСПЕСЕҢІЗ, АҚЫСЫН ҚАЙТАРЫП АЛУ ҮШІН ӨНІМДІ САТЫП
АЛҒАН ЖЕРГЕ ОН ТӨРТ КҮН ІШІНДЕ ҚАЙТАРЫП БЕРІҢІЗ. ЕГЕР БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛ
ОРНАТЫЛЫП ҚОЙСА НЕМЕСЕ БАСҚА HP ӨНІМІМЕН ҚОЛДАНЫЛСА, ӨНІМНІҢ
ҚОЛДАНЫЛМАҒАН БӨЛІГІН ТОЛЫҒЫМЕН ҚАЙТАРУЫҢЫЗҒА БОЛАДЫ.
1.
ҮШІНШІ ТАРАП БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛЫ. Бұл Бағдарламалық құралға, HP
компаниясының жекеменшік бағдарламалық құралына («HP бағдарламалық құралы»)
қоса, үшінші тараптар лицензиясымен берілген бағдарламалық құрал («Үшінші тарап
бағдарламалық құралы» жəне «Үшінші тарап лицензиясы») кіруі мүмкін. Қандай да бір
үшінші тараптың бағдарламалық құралы тиісті үшінші тарап лицензиясының шарттары мен
жағдайлары негізінде беріледі. Əдетте, үшінші тарап лицензиясы «license.txt» немесе
«readme» сияқты файлдарда болады. Үшінші тарап лицензиясын таба алмаған жағдайда,
HP қолдау орталығына хабарласқан жөн. Үшінші тарап лицензияларында бастапқы кодты
(GNU жалпы қоғамдық лицензиясы сияқты) қолжетімді ететін лицензиялар болса жəне
тиісті бастапқы код Бағдарламалық құралмен бірге берілмесе, оны алу туралы ақпаратты
HP веб-торабының (hp.com) өнімге берілетін қолдау беттерінен қараңыз.
2.
ЛИЦЕНЗИЯ ҚҰҚЫҚТАРЫ. Осы келісімнің барлық шарттарымен жəне жағдайларымен
келіскен жағдайда, мынадай құқықтарға ие боласыз:
а.
Пайдалану. HP компаниясы сізге HP бағдарламалық құралының бір нұсқасын
пайдалануға лицензия береді. «Пайдалану» сөзінің мағынасы — HP бағдарламалық
құралын орнату, көшіру, сақтау, жүктеп алу, орындау, көрсету немесе басқаша
пайдалану. HP Бағдарламалық құралын өзгертуге немесе оның қандай да бір
лицензиялау немесе басқару мүмкіндіктерін өшіруге болмайды. Бұл бағдарламалық
құралды HP компаниясы кескін өңдеу немесе басып шығару өнімімен (мысалы,
Бағдарламалық құрал принтер драйвері, микробағдарламасы немесе қосымша
бағдарламасы болса) пайдалану үшін берген болса, оны тек сондай өніммен
(«HP өнімі») пайдалануға болады. Пайдалануға қатысты қосымша шектеулер
пайдаланушы құжаттамасында болуы мүмкін. HP бағдарламалық құралының
құрамдас бөліктерін бөліп пайдалануға болмайды. Сізге HP Бағдарламалық құралын
тарату құқығы берілмейді.
ə.
Көшіру. Көшіру құқығы HP бағдарламалық құралының мұрағаттық немесе сақтық
көшірмесін жасау əрекетін білдіреді жəне оның əр көшірмесі барлық түпнұсқа
HP бағдарламалық құралының жекеменшік туралы ескертпелерін қамтып, тек сақтық
көшірмесін сақтау мақсатында пайдаланылу керек.
218 Қосымша ə Қызмет жəне қолдау
KKWW
3.
ЖАҢАРТУЛАР. HP компаниясы жаңарту немесе қосымша (жалпы айтқанда, «Жаңарту»)
ретінде берген HP Бағдарламалық құралын пайдалану үшін, алдымен түпнұсқа
HP Бағдарламалық құралының HP компаниясы Жаңарту рұқсатын берген лицензиясын
алуыңыз керек. Жаңарту арқылы түпнұсқа HP Бағдарламалық құралының алмастырылған
бөлігін бұдан əрі пайдалануға болмайды. HP компаниясы жаңартуға қатысты басқа
шарттар бермесе, осы Келісім əр Жаңарту үшін қолданылады. Осы Келісім мен осындай
басқа шарттар арасында қайшылық болса, басқа шарттар басшылыққа алынады.
4.
ТАСЫМАЛДАУ.
а.
Үшінші тарап тасымалы. HP Бағдарламалық құралының бастапқы түпкі
пайдаланушысы HP Бағдарламалық құралын басқа бір түпкі пайдаланушыға бір рет
бере алады. Басқа тұлғаға берген кезде, оған барлық құрамдас бөліктері, медиа,
пайдаланушы құжаттамасы, осы келісім жəне қажет болса, түпнұсқалық куəлігі кіреді.
Беру жөнелту сияқты жанама беру болмауы тиіс. Берер алдында, берілетін
бағдарламалық құралды алатын түпкі пайдаланушы осы Келісімді қабылдау керек.
HP бағдарламалық құралы берілгеннен кейін, лицензияңыз автоматты түрде күшін
жояды.
ə.
Шектеулер. HP бағдарламалық құралын жалға беруге немесе коммерциялық
мақсатпен бөлісуге немесе кеңседе пайдалануға болмайды. Осы келісімде тікелей
көрсетілмесе, HP бағдарламалық құралын қайта лицензиялауға, тағайындауға немесе
басқаша жолдармен үшінші тараптарға беруге болмайды.
5.
ЖЕКЕМЕНШІК ҚҰҚЫҚТАР. Бағдарламалық құрал мен пайдаланушы құжаттамасындағы
барлық зияткерлік меншік құқықтары HP компаниясы немесе оның жабдықтаушыларының
иелігінде жəне заңдармен, соның ішінде тиісті авторлық құқық, сауда құпиясы, патент жəне
сауда белгісі туралы заңдармен қорғалған. Бағдарламалық құралдан өнім
идентификаторларын, авторлық құқық ескертулерін немесе жекеменшік шектеулерді алып
тастауға болмайды.
6.
КЕРІ ЖОБАЛАУҒА ҚАТЫСТЫ ШЕКТЕУ. Тиісті заңмен рұқсат берілмесе,
HP Бағдарламалық құралын кері жобалауға, декомпиляциялауға немесе бөлшектеуге
болмайды.
7.
ДЕРЕКТЕРДІ ПАЙДАЛАНУҒА КЕЛІСІМ БЕРУ. HP компаниясы жəне оның аффилиирленген
тұлғалары (а) бағдарламалық құралды немесе HP өнімін пайдалануыңызға немесе (б)
бағдарламалық құрал немесе HP өніміне қатысты көрсетілген қолдау қызметтеріне
қатысты берген техникалық ақпаратты жинап, белгілі бір мақсатта пайдалануы мүмкін.
Мұндай ақпарат HP компаниясының құпиялық саясатына сəйкес пайдаланылады.
Пайдалану мүмкіндіктеріңізді кеңейту немесе қолдау қызметтерін беру қажеттілігі тумаса,
HP мұндай ақпаратты атыңыз көрінетіндей түрде пайдаланбайды.
8.
ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ШЕКТЕЛУІ. Орын алған зақымға қарамастан, осы келісім бойынша
HP компаниясы мен оның жабдықтаушыларының толық жауапкершілігі мен сіз алатын
жалғыз өтемақыңыз өнімге төленген құннан артық мөлшермен немесе 5,00 АҚШ
долларымен шектеледі. ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢДА БАРЫНША РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН
ДƏРЕЖЕДЕ, ЕШБІР ЖАҒДАЙДА HP КОМПАНИЯСЫ НЕМЕСЕ ОНЫҢ
ЖАБДЫҚТАУШЫЛАРЫ, ТІПТІ HP КОМПАНИЯСЫ НЕМЕСЕ ОНЫҢ ЖАБДЫҚТАУШЫСЫ
МҰНДАЙ ЗИЯНДАР БОЛУЫ МҮМКІН ЕКЕНДІГІНЕН ХАБАРДАР ЕТІЛСЕ ДЕ ЖƏНЕ ТІПТІ
МҰНДАЙ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ҚҰРАЛЫ ӨЗІНІҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТЫНА ЖЕТЕ АЛМАСА ДА,
БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛДЫ ПАЙДАЛАНУҒА НЕМЕСЕ ПАЙДАЛАНА АЛМАУҒА ҚАТЫСТЫ
ҚАНДАЙ ДА БІР ЖАНАМА, ҚОСЫМША, ТІКЕЛЕЙ ЕМЕС НЕМЕСЕ ҚОСАЛҚЫ ЗИЯНДАР
(СОНЫҢ ІШІНДЕ АЛЫНБАЙ ҚАЛҒАН ПАЙДА, ДЕРЕКТЕРДІҢ ЖОҒАЛУЫ, ЖҰМЫСТЫҢ
ТОҚТАП ҚАЛУЫ, ДЕНЕ ЖАРАҚАТЫ НЕМЕСЕ ҚҰПИЯЛЫҚТЫҢ БҰЗЫЛУЫ) ҮШІН
ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ. Кейбір штаттар немесе басқа юрисдикциялар жанама немесе
KKWW
Түпкі пайдаланушының лицензиялық келісімі 219
қосалқы зияндарды есептемеуге немесе шектеуге рұқсат бермейді. Сондықтан жоғарыда
айтылған шектеу немесе ерекшелік сізге қатысты болмауы мүмкін.
9.
АҚШ ҮКІМЕТІНІҢ ТҰТЫНУШЫЛАРЫ. Бағдарламалық құрал толығымен жеке шығындарға
негізделіп жасалған. Бағдарламалық құрал толықтай тиісті иемдену талаптарына жауап
беретін коммерциялық компьютер бағдарламалық құралы болып табылады. Тиісінше,
АҚШ FAR 48 CFR 12.212 жəне DFAR 48 CFR 227.7202 заңдарына сəйкес, Бағдарламалық
құралдың АҚШ Үкіметі немесе АҚШ Үкіметінің мердігері тарапынан немесе ол үшін
пайдаланылуы, көшірілуі жəне жария етілуі тек осы Түпкі пайдаланушының лицензиялық
келісімінің міндетті федералдық заңдарға қайшы келетін ережелерден басқа шарттарына
сəйкес жүзеге асырылады.
10.
ЭКСПОРТТАУ ЗАҢДАРЫМЕН ҮЙЛЕСІМДІЛІГІ. Сіз (а) Бағдарламалық құралды
экспорттауға немесе импорттауға қолданылатын, не болмаса (б) Бағдарламалық
құралдың Пайдаланылуын шектейтін барлық заңдар мен ережелердің, соның ішінде
ядролық, химиялық немесе биологиялық қаруларды таратуға қойылатын шектеулердің
талаптарын сақтауға міндеттісіз.
11.
ҚҰҚЫҚТАРДЫҢ ҚОРҒАЛУЫ. HP жəне оның жабдықтаушылары осы Келісімде сізге тікелей
берілмеген барлық құқықтарды өздерінде сақтайды.
© 2009 Hewlett-Packard Development Company, L.P.
Басылым: 04/09
220 Қосымша ə Қызмет жəне қолдау
KKWW
Пайдаланушының орындайтын жөндеудің кепілдік
қызметі
HP өнімдерінде көптеген пайдаланушымен орындалатын жөндеуге арналған (CSR) бөлшектер
бар. Олар жөндеу уақытын қысқартып, ақауы бар бөлшектерін ауыстыруды жеңілдетуге
арналған. Егер диагностика кезінде HP компаниясы бұл жөндеу жұмысын CSR бөлшегі арқылы
орындауға болатынын анықтаса, ол сол бөлшекті сізге жібереді. CSR бөлшектердің екі санаты
бар: 1) Пайдаланушымен міндетті түрде орындалатын жөндеуге арналған бөлшектер. Егер сіз
HP компаниясына сол бөлшектерді ауыстыруға тапсырыс берсеңіз, сол қызметке байланысты
жол мен жұмыс ақысын өтеу сізден талап етіледі. 1) Пайдаланушымен міндетті емес түрде
орындалатын жөндеуге арналған бөлшектер. Бұл бөлшектер Пайдаланушымен орындалатын
жөндеу жұмысына жасақталған. Егер сіз ауыстыруды HP компаниясынан сұрасаңыз, бұл жұмыс
өніміздің кепілдік қызметінің түріне сəйкес қосымша ақысыз жасалады.
Бар-жоғына жəне географиялық орналасқан жеріне байланысты CSR бөлшектері келесі жұмыс
күні жеткізіледі. Сол күні немесе төрт сағат ішінде жеткізу географиялық орналасқан жеріне
байланысты қосымша ақыға ұсынылады. Егер көмек қажет болса, сіз HP Техникалық қолдау
Орталығымен телефон арқылы байланысып, техниктің көмегін алуыңызға болады. HP
компаниясы CSR бөлшектерімен бірге жіберілген материалдарында ақауы бар бөлшекті HP
компаниясына қайтару қажеттігін немесе қажетсіздігін көрсетеді. Егер ақауы бар бөлшекті HP
компаниясына қайтару қажет етілсе, онда оны көрсетілген уақытта, əдетте бес (5) жұмыс күн
ішінде қайтаруыңыз керек. Ақауы бар бөлшекті өзінің құжаттарымен бірге тасымалдау
материалдарының құрамында жіберу керек. Егер ақауы бар бөлшекті жібермесеңіз, HP
компаниясы сізден ауыстыруға жіберілген бөлшектің ақысын талап етеді. Пайдаланушымен
орындалатын жөндеу болса, HP компниясы барлық тасымалдау шығынын жəне қайтару
шығынның жартысын төлеп, тасымалдаушыны таңдайды.
KKWW