Өнімді қайта орамау
Егер HP тұтынушыларды қолдау орталығы өніміңіздің жөндеуге HP компаниясына қайтарылуға
тиісті екенін анықтаса, өнімді жөнелтудің алдында оны қайта орау үшін осы қадамдарды
орындаңыз.
ЕСКЕРТУ:
Дұрыс буып-түймеу нəтижесінде болған тасымалдау зақымдары үшін
жауапкершілікті тұтынушы көтереді.
1.
Сатып алынған жəне өнімге орнатылған кез келген DIMM карталарын шығарып алып,
сақтап қойыңыз.
ЕСКЕРТУ:
Статикалық электр тоғы электрондық бөліктерді зақымдауы мүмкін. DIMM
модульдерін қолданған кезде, антистатикалық білезік тағып алыңыз немесе DIMM
модульдерінің антистатикалық орамын жиі ұстап, одан кейін құрылғыдағы темір бөліктерді
ұстаңыз.
2.
Баспа картриджін шығарып алып, сақтап қойыңыз.
ЕСКЕРТУ:
Өнімді жөнелтудің алдында баспа картриджін алу өте маңызды болып
табылады. Жөнелту кезінде өнімде қалатын баспа картриджі ағып, өнімнің механизмі мен
басқа бөлшектеріне тонер жағылуы мүмкін.
Баспа картриджі зақымданбауы үшін оның ролигіне тиюден сақ болыңыз жəне баспа
картриджін өзінің орауыш материалында немесе оған жарық түспейтіндей етіп сақтаңыз.
3.
Қуат кабелін, интерфейс кабелін жəне қалау бойынша алынатын қосалқы құралдарды
ажыратып, сақтап қойыңыз.
4.
Мүмкін болса, жинақпен бірге баспа үлгілерін жəне дұрыс басылмаған 50-100 парақ қағаз
немесе басқа баспа материалын жіберіңіз.
5.
АҚШ-та, жаңа орауыш материал алу үшін HP Тұтынушыларды қорғау қызметіне
хабарласыңыз. Басқа аймақтарда, мүмкін болса, өзінің орауыш материалын
пайдаланыңыз. Hewlett-Packard тасымалдау үшін жабдықты сақтандаруды ұсынады.
KKWW
Өнімді қайта орамау 223
224 Қосымша ə Қызмет жəне қолдау
KKWW
б