HP LaserJet Enterprise 600 Printer M602 series - Бағдарламалық құралды орнату

background image

Бағдарламалық құралды орнату

1.

Ықшам дискіден бағдарламалық құралды орнатыңыз. Өнім белгішесін басып, экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.

Ықшам дискіден орнату барысында принтер қоспаған болсаңыз, келесі қадамнан
жалғастырыңыз.

2.

Компьютерде Apple мəзірін ашыңыз да, Жүйе ерекшеліктері мəзірін таңдап, Баспа
жəне факс
белгішесін басыңыз.

3.

Принтер атаулары бағанының төменгі сол жақ бұрышындағы қосу (+) таңбасын басыңыз.

Əдепкіде, Mac OS X жүйесінде драйверді тауып, өнімді принтердің қалқымалы мəзіріне
қосу үшін Bonjour əдісі қолданылады. Бұл əдіс жағдайлардың көбінде ең жақсы
көмектеседі. Егер Mac OS X жүйесі HP принтер драйверін таба алмаса, экранға қате
туралы хабар шығады. Бағдарламалық құралды қайта орнатыңыз.

Өнімді үлкен желіге қоссаңыз, қосылу үшін Bonjour əдісінен гөрі, IP баспасын қолдануыңыз
қажет болуы мүмкін. Мына қадамдарды орындаңыз:

а.

Принтер қосу терезесіндегі Принтер IP түймешігін басыңыз.

ə.

Протокол ашылмалы тізімінен HP Jetdirect-Socket опциясын таңдаңыз. Өнімнің IP
мекенжайын немесе хост атын енгізіңіз. Басып шығаруға қолданылатын құрал
ашылмалы тізімінен, егер біреуі əлі де таңдалмаған болса, принтер үлгісін таңдаңыз.

4.

Бағдарламалық құрал дұрыс орнатылғанын тексеру үшін кез келген бағдарламадан бір бет
басып шығарыңыз.

46

Бап 4 Өнімді Mac амалдық жүйесінде пайдалану

KKWW