HP LaserJet Enterprise 600 Printer M602 series - HP ePrint

background image

HP ePrint

HP ePrint арқылы кез келген жерде, кез келген уақытта қалта телефонынан, ноутбуктен немесе
кез келген басұа тасымалы құрылғыдан басып шығаруға болады. HP ePrint кез келген
электрондық пошта мүмкіндігі бар құрылғымен жұмыс істейді. Егер электрондық хат жібере
алсаңыз, HP ePrint қосылған өнімге басып шығаруға болады. Толығырақ мəліметтер алу үшін,

www.hpeprintcenter.com

торабына барыңыз.

ЕСКЕРІМ:

HP ePrint функциясын пайдалану үшін, өнімнің желіге қосылған болуы жəне

Интернетке кіру мүмкіндігі болуы керек.

HP ePrint өнімде əдепкіде ажыратулы болады. Осы қосу үшін, мына əрекеттерді
пайдаланыңыз.

1.

HP енгізілген веб-серверін ашу үшін, IP мекенжайын веб-шолғыштың мекенжай жолағына
теріңіз.

2.

Веб-қызметтер қойындысын басыңыз.

3.

Веб-қызметтерді қосу үшін, опцияны таңдаңыз.