Mac жүйесінде тапсырмаларды сақтау
Тапсырмаларды кез келген уақытта басып шығара алатындай етіп өнімге сақтауға болады.
Сақталған тапсырмаларды басқа пайдаланушылармен бөлісуге немесе оларды жеке етуге
болады.
1.
Файл мəзіріндегі Басып шығару опциясын таңдаңыз.
2.
Жұмысты сақтау мəзірін ашыңыз.
KKWW
Mac жүйесіндегі негізгі баспа тапсырмалары
55
3.
Ашылмалы тізімдегі Жұмысты сақтау режимі сақтаулы тапсырманың түрін таңдаңыз.
●
Растау жəне ұстау: Бұл мүмкіндік тапсырманы басып шығарып, тапсырманың тағы
бір көшірмесін растаудың жəне тағы көшірмелер басып шығарудың жылдам жолын
ұсынады.
●
Жеке жұмыс: Өнімге тапсырма жібергенде, оны өнімнің басқару тақтасында
сұрамайынша, тапсырма басып шығарылмайды. Егер тапсырмаға жеке
идентификациялық нөмір (PIN) тағайындасаңыз, басқару тақтасында қажетті PIN
кодын енгізуіңіз керек.
●
Жылдам көшірме: Егер өнімге қосымша қатты диск орнатылса, тапсырма
көшірмелерінің сұралған санын басып шығарып, тапсырма көшірмесін қосымша қатты
дискіге сақтауыңызға болады. Тапсырманы сақтау кейінірек тапсырманың қосымша
көшірмелерін басып шығаруға мүмкіндік береді.
●
Сақталған жұмыс: Егер өнімге қосымша қатты диск орнатылса, қызметкерлер
формасы, уақыт кестесі немесе күнтізбе сияқты тапсырманы өнімге сақтап, басқа
пайдаланушылардың тапсырманы кез келген уақытта басып шығаруына мүмкіндік
беруіңізге болады. Сонымен қатар, сақтаулы тапсырмалар PIN кодымен қорғалуы
мүмкін.
4.
Өзгертілмелі пайдаланушы атын немесе тапсырма атын пайдалану үшін, Өзгертілмелі
түймешігін басып, пайдаланушы атын немесе тапсырма атын енгізіңіз.
Егер басқа сақталған тапсырмада сондай ат болса, қандай опция пайдаланылатынын
таңдаңыз.
+ (1 - 99) жұмыс атауын
пайдалану
Тапсырма атының соңына бірегей сан қосыңыз.
Бар файлды ауыстыру
Бар сақтаулы тапсырманы жаңасымен алмастырыңыз.
5.
Егер 3-қадамда Сақталған жұмыс немесе Жеке жұмыс опциясын таңдасаңыз,
тапсырманы PIN кодымен қорғауға болады. Басып шығару үшін PIN кодын
пайдаланыңыз жолағына 4 таңбалы сан енгізіңіз. Басқа адамдар осы тапсырманы басып
шығарғысы келгенде өнім осы PIN нөмірін енгізуге кеңес береді.
56
Бап 4 Өнімді Mac амалдық жүйесінде пайдалану
KKWW