HP LaserJet Enterprise 600 Printer M602 series - Желі параметрлерін көру немесе өзгерту

background image

Желі параметрлерін көру немесе өзгерту

Енгізілген веб-серверін IP конфигурациялау параметрлерін көру немесе өзгерту үшін
пайдаланыңыз.

1.

Конфигурациялау бетін басып шығарып, IP мекенжайын табыңыз.

Егер сіз IPv4 пайдаланып отырған болсаңыз, IP адресі тек сандардан тұрады. Ол
келесідей қалыпта болады:

xxx.xxx.xxx.xxx

Егер сіз IPv6, пайдаланып отырған болсаңыз, IP мекенжайы таңбалар мен сандардың
оналтылық тіркестерінен тұрады. Оның форматы мынаған ұқсас:

xxxx::xxxx:xxxx:xxxx:xxxx

2.

Өнімнің IP мекенжайын веб-браузердің мекенжай жолына енгізіп, енгізілген веб-серверді
ашыңыз.

3.

Желі жөніндегі ақпаратты алу үшін Networking (Желіге қосылу) жиекбелгісін басыңыз. Сіз
параметрлерді қалауыңыз бойынша өзгерте аласыз.